Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жақында ғана аяқталған Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы Нұржас Садырбаевты продюсері атанғаны туралы жазды.
– Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты продюсері есебінде қарамағыма алдым.
Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім.
Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!
Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз.
Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын. Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
