Басты бет » Жаңалықтар » Ай сайын 1 миллион теңге: Продюсер Баян Алагөзова қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешоваға үлкен сый жасады

Ай сайын 1 миллион теңге: Продюсер Баян Алагөзова қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешоваға үлкен сый жасады

Продюсер Баян Алагөзова “Қыз Жібек” фильміндегі қамзолға байланысты тағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jastar janary порталы Tizgin.kz-ке сілтеме жасап.

Баян Алагөзова “жыр болған” қамзол (кезінде “Қыз Жібек” фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген) өзіне сый ретінде берілгенін тағы еске салып, бірақ оның келешек қайда болатынын “адамдар мен мемлекеттік органдар” шешетінін айтты.

“Бірақ қазір ол менде. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, мен бұл ұлттық мұраны музейге тапсырамын. Алайда әзірге мен оны киіп, шешіп, керек жерде сақтаймын. Өзімді сол ұлы фильмге, ұлы әйел Меруерт Өтекешоваға қатысым бар деп сезінемін. Мен Меруерт апайға жеке жүгінгім келеді, оған алғыс білдіремін. Оның рөлі мен Қазақстанның өнеріне қосқан үлесіне рақмет айтамын. Сіз қазақ қызының мәңгілік символы әрі мәңгілік Қыз Жібексіз”, – деді ол.

Продюсер өзі ұйымдастыратын “Қазақ Аруына” келесі жылы Меруерт Өтекешованы шақыратынын айтты.

“Қымбатты, Меруерт апай. Мен сізге осы бір тонды сыйлағым келеді (өзі киіп көрсетті). Мен оны сезіммен таңдадым. Ол бұйым сізге лайық. Сонымен бірге сізге өзімнің және жарымның атынан әр айда 1 млн теңгеден өмірдің соңына дейін бергім келеді. Мен мұны неге жария еткім келді? Себебі қаншама мықты әртістер ұмытылып кетті. Мен меценаттарға біздің тарихымызды жасап жатқан азаматтарды ұмытпасаңыздар екен деймін, көмектесіңіздер. Сол себепті бұл сыйлық менің атымнан беріледі”, – деді ол.

Бұған дейін Алагөзова Instagram желісінде қамзолды көрсетіп, оның сыйлық ретінде өзіне берілгенін айтқан еді. Дәл сол қамзолды актриса Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған кезде киген. Алайда сол қамзолды Баян Алагөзованың үстінен көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, “өнер мұрасы продюсердің қолына қалай түсті” деп ашулы жазба қалдырғандар да болған.

Осыдан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде осы тақырып талқыланып жатқан кеткен соң түсініктеме таратып, қамзолдың оған қалай берілгені анықталып жатқанын хабарлаған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)