Талғат Теменов,
театр және кинорежиссері, кинодраматург
Абыз өтті өмірден.. Аңыз өтті..
«Кто вы господин К?»
Қазақшасы «Сіз кімсіз, К мырза» деген фильм бар.. Осыны жалғастырсақ «Сіз кімсіз, Әшімов мырза?» деген сұрақ туындауы мүмкін…
Асанәлі Әшімов… актер… режиссер… жазушы… Театр және кино әлемінің ақсақалы, абызы… Кешегі өткен Ұлылардың соңғы тұяғы… Көзін көрген сөзін тыңдаған, санасына құйған соларды бізге жеткізген Асеке… Алтын көпір…
Баяғыда Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда Ғабит Мүсірепов «қазақта «ат тұяғын тай басар» деген сөз бар… Бірақ осындайда ат тұяғын тай баса алмайды…» деп айтқан екен… Сол Ғәбең айтқан тіркесті тағы да амалсыз қайталауға тура келеді.
Әшімовтер бар… Алла оларға ғұмыр берсін… Алайда Асанәлі жалғыз… дара…
Балалығын соғыс ұрлаған жесір әйелдің жетім баласы жоқшылық пен аштықтың не екенін білгенді…
«Зоотехник болсаң аш болмайсың»
деген қағидамен Алматыға оқуға келген… Досы Райымбек Сейітметов «актер боламын » деп Асқар Тоқпановты қонаққа квартираға шақырғанда Асекең қызмет етіп ұстаздың көзіне түскен.. Асқар Тоқпанов Тек Райымбек Сейітметовті ғана емес Әшімовті де өзінің курсына шақырған…
Осылай өмір жолы Асанәліні өнер жолына әкелген.
Жан жары Майра Аймановамен осы консерваторияда танысып Шәкеннің күйеу баласы атанды. Аймановтың актеры болды.. Қазақ киносының өрлеу өркендеу кезеңінде үлкен-үлкен рольдер сомдады. Әсіресе, Бекежан мен Чадьяров бейнелері актер Әшімовті қазаққа паш етті.. Қазақты әлемге экран арқыла алғаш танытқан Асанәлі еді.. Бойы бар , ойы бар көзі бар, сөзі бар актер ешкімді де елеусіз қалдырмайтын. Асекеңмен келіспеуге болады.. айтысуға да болады.. Алайда оның актерлігіне ешкімде шүбә келтірмейтін еді.. Аймановтың соңғы фильмі » Атаманның ақырында» Чадьяров Дутовты атып өлтіреді.. Ойлап қарасам Асанәлі Дутовты емес өзінің олжасын уысына түсірген екен..Чадьяровқа дейін де Асекең кино үшін бөтен емес.. Мәжит Бегалиннің геройы болған.. Алайда «Атаманның ақыры» Әшімов аңызының бастауы болды.. Одан кейін Қыз Жібектегі- Бекежан. Қаншама жас ұрпақ осы Асанәлі болғысы келді.. Олар да Әшімовтай сақал мұрт қойды.. Еліктеді.. «Елу жылда ел жаңа» дейді.. Алайда Асекең әлі күнге дейін елінің алақанында болды. Шүкір… Асанәліні аялаған Қазақ халқы өзінің Дархандылығын, Даналығын, Жомарттығын, Кеңдігін тағы бір дәлелдеді..
Өткен ғасырдың 80 жылы. Москвада Дүниежүзілік Олимпиада өтіп жатыр.. Менің өмірімдегі олимпиада одан еш кенде емес.. Асанәлі ағамызды іздеп Алматыға келдім.. Жаз айы.. Асекең демалуға Алматы санаторийіне кетіпті.. Ондағы ойым ВГИК-ке бару .. Алдында ғана «Советский Экран» журналының мұқабасына шыққан.. Санаторийге барсам Асекең Ғабит Мүсіреповтің бөлмесінде Серік Қонақбаевтың финалдағы жекпе жегін телевизордан көріп отыр екен.. Күтуге тура келді.. Серік жеңілді.. Асекеңнің көңілі де түсіңкі… Дәлізге шықты..
» Ия.. бала не жүріс? Жайшылық па?» – деді Асекең.
⁃ ВГИК-ке барайын деп едім..
⁃ Енді…? – Әшімов бетіме қарады… Көкпеңбек көзі өңменімнен өтердей.. Серік Қонақбаевтың жеңілгеніне мен кінәлідей көрінді..
⁃ Маған хат жазып берсеңіз… Қазақстаннан бара жатырмын..
⁃ Давай.. қағаз, қалам әкел, – деді ағамыз… Ғабеңнің бөлмесіне жүгіріп барып қағаз қалам әкелдім.. ВГИК . профессору Николай Николаевич Фигуровскому.. деп хат жазып қолын қойып берген.. Менің киноға келуіме Асекең осылай ықпал етті. Септігін тигізді.. Одан бері қанша уақыт өтті. Асекеңмен талай-талай бірге болдық. Қиын күндерде қасынан табылуға тырыстым..
Майра жеңгей қайтыс болды… Иманғали екеуміз Совминдегі ауруханаға келдік.. Асекеңе ота жасаған.. төсекте.. Қолында сигарет.. Көңіл айттық… Асекең үнсіз.. Иманғали сөйлеп отыр.. Бір сәт Асекеңнің көзінен бір тамшы жас сорғалап түсті.. Имаш саусағының ұшымен оның жасын сүрткен. Асекең Иманғалидың қолын ұстап сүйді.. Иманғали ағасының маңдайынан сипады..Екі тұлға бірін бірі үнсіз түсінген…. Қыруар жұмысты Иманғали атқарды. Сүйген жары Майраға Асекең осылай топырақ сала алмады.. Майра апай керемет кісі болатын.. Сұңғақ бойлы әдемі-тын.. Мұстафа Өзтүрік келгенде үйіне қонаққа шақырды.. Бауырсағын пісіріп етін асып дастархан жайған жеңгей еді..Алдымен Мәди соңынан Сағи өмірден өткенде Асекең қатты күйзелді… Бірақ сынбады. Ойда жоқта Бағдат кездесті.. Бағдат Асекеңнің бағы болды.. баладай баптады..
⁃ Асанәлі бүгінде Қазақтың бренді болды.. Егер кешелі бүгін Қазақ халқы қара жамылып Асанәлісін жоқтаса, Арда ұлынан айырылғаны.. Алыптардың көзін көрген соңғы Могикан… Отырған жері әзіл.. қашанда төрден табылған Ұлы тұлға өмірден өтті дегенге сенер емеспін. Осыдан бірер ай бұрын телефон шалып Асакеннің оқуға түскенін Дубайдан пәтер іздеп тапқанын айтқан..Қуанышын бөлісуге асығып жүрер ағамыз қайтқан екен.. Не деуге болады? Кешелі бері қолым тигенде әлем желемді қарап қоям.. Қалың жұрт қайғыда…
— Баяғыда Дінмұхаммед Қонаев қайтыс болғанда қайғырған қара халықты көріп ем… Бүгінде сол аза тұтқан қайран қазақ.. Хош Асеке! Жатқан жерің жайлы болып иманың саламат болсын! Соңғы могикан!
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
