Басты бет » Жаңалықтар » Бала Шерхан «Balapan» арнасында

Бала Шерхан «Balapan» арнасында

Кеше 18 жастағы Шерхан Қалмұрза «Реал Мадридке» қарсы ойында 7 сейв жасап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді, деп жазды balapantv арнасы инстаграм парақшасында.

Шерхан бала кезінен қайсар мінезімен көзге түскен. Ол 8 жасында «Balapan» арнасының «Шытырман» бағдарламасына қатысқан.

Бұл бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8–12 жас аралығындағы оқушылар жиналып, спорттық жарыстарда өзара бақ сынасатын.

Бағдарламада Шерхан ерекше шыдамдылығы мен табандылығымен көзге түскен еді.

Кеше Шерхан әлемдік додада өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balapan телеарнасы (@balapantv)