30 қыркүйек күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде атақты испаниялық «Реал Мадрид» командасымен кездеседі. Бұл туралы Qazsport телеарнасы хабарлады.
Еліміз үшін маңызды ойынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Сонымен бірге Корпорация елордалық жанкүйерлер үшін «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында ашық көрсетілім ұйымдастырады. Шараға түрлі саланың өкілдері, қоғам белсенділері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысады.
Осылайша, футбол жанкүйерлері «Қайрат» клубының тарихи кездесуін үлкен экраннан нағыз футбол атмосферасында тамашалауға, қазақстандық командаға бірге қолдау көрсетуге мүмкіндік алмақ.
Шараның басталуы: 30 қыркүйек 21:00-де. Кіру тегін.