Басты бет » Жаңалықтар » ӘКІМ ЧЕМПИОНҒА КӨЛІК ПЕН ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

ӘКІМ ЧЕМПИОНҒА КӨЛІК ПЕН ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали және оның жеке бапкері Ғабиден Райымбекке ерекше сый-құрмет көрсетті.

«Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз. Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім қабылдадық», – деді Нәлібаев.
Бұдан бөлек, Айдосқа ай сайын 1 млн. теңге мемлекеттік стипендия беріледі.
Айта кетейік, Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали чемпион атанған еді. Ол финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті жеңді.