Басты бет » Жаңалықтар » «Қайраттың» 18 жасар қақпашысы

«Қайраттың» 18 жасар қақпашысы

«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда ерекше нәтиже көрсетті. Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы ойында ол 21-минутта Мортен Хюльмандтың пенальтиін қайтара алды. Осылайша, Қалмырза турнир тарихында пенальтиді тойтарған екінші ең жас қақпашы атанды. Бұл туралы Jastar janary жазды saebiz_bro инстаграм арнасына сілтеме жасап.


Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек Миле Свилар тіркеген. Ол 2017 жылы «Бенфика» сапында ойнап жүргенде пенальти қайтарған. Қазір Свилар Италияның «Рома» клубында өнер көрсетеді.

Матч қорытындысында алаң иелері — «Спортинг» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

«Қайраттың» негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы алғашқы ойында жарақат алған еді. Ал іріктеу кезеңінде «Селтикке» қарсы серияда үш пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков қыркүйек айында Қазақстан чемпионаты аясында жарақат алып, қатардан тыс қалды.

Алматылық клубтың келесі матчы 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Қарсылас — «Реал Мадрид».