Басты бет » Руханият » Ақтөбелік «Жасыл ел» жасағы республикада үздік танылды

Ақтөбелік «Жасыл ел» жасағы республикада үздік танылды

dav

Жаз бойы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізген «Жасыл ел» жастар жасағы ел көлемінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтары бірнеше жылдық тарихы бар жастар ұйымы. Олар мыңдаған жастарды еңбекке баулып, өңірдің өркендеуіне үлес қосып келеді.

Биыл да белсене жұмыс жасаған жастар жүлделі болды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының төрағасы Тоқтар Болысовтың қолынан 13 еңбек маусымының «Үздік штабы» номинациясын жеңіп алды.

dav

Сонымен қатар, жаз бойы еңбектенген таңдаулы 25 үздік студентке Астана қаласына жолдама берді.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша 5000-ға жуық жастар жұмысқа тартылған.

Әлішер Садық,

Aktobenews.kz

Пікір жазу