Қазақстан Сенаты «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға қатысты кейбір жайттарды, бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын түзетуді талқылап жатыр.

Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.

Сенатор Наурызбай Байқадамов бұған қатысты пікір білдірді:

«Мұндай бастама бүркеніп алып құқық бұзатындар мен қылмыс жасайтындарды тоқтату, алдын алу үшін енгізіледі», — деп түсіндірді.

Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.

Алайда кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі. Мәселен:

— Медициналық көрсетілімдер бойынша;
— Қызметтік міндеттерді орындау барысында;
— Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.

Дереккөз: elordamedia.kz