Фото: Жасанды интеллекттің көмегімен жасалған (OpenAi)
Бұл тест сіздің мінезіңіз, шешім қабылдау стиліңіз және өмірге деген көзқарасыңыз туралы көп нәрсе айтып береді. Әр сұраққа өзіңізге ең жақын келетін бір ғана жауапты таңдаңыз.
- Сіз жаңа ортаға алғаш келгенде не істейсіз?
А) Айналама қарап, біреумен танысудың жолын іздеймін
Ә) Тыныш отырамын, алдымен жағдайды бақылап аламын
Б) Қызықты адамдарды іздеп, ашық әңгімеге тартамын
В) Бір бұрышқа барып, жалғыздықта болуды жөн көрем
- Қиын шешім қабылдау керек болса, сіз:
А) Басқа адамдардан кеңес сұраймын
Ә) Жақсылап ойланып, логикаға сүйенемін
Б) Ішкі түйсігіме сенем
В) Шешімді кейінге шегере берем
- Бос уақытыңызда не істегенді ұнатасыз?
А) Адамдармен кездесіп, уақыт өткізу
Б) Кітап оқу, жаңа нәрсе үйрену
В) Табиғатта серуендеу, музыка тыңдау
Г) Жалғыз отырып, ойға шому
- Егер біреу сізге әділетсіздік жасаса, сіз:
А) Бірден бетіне айтам
Ә) Сабырмен тыңдап, дәлелмен жауап берем
Б) Көңіліме алып, бірақ үндемей кетем
В) Іштей ренжіп, ұзақ ойланам
- Сіз үшін ең маңыздысы не?
А) Достық пен қарым-қатынас
Ә) Жетістік пен даму
Б) Еркіндік пен шабыт
В) Тыныштық пен ішкі үйлесім
Жауап кілті: Енді қай әріп ең көп шыққанын есептеңіз.
А – Экстраверт, Қоғам жанашыры
Сіз ашық, адамдармен араласқанды ұнататын жансыз. Сіздің энергияңыз айналаңыздан келеді. Жаңа таныстықтар мен қарым-қатынастар сізге күш береді.
Ә – Рационалды ойшыл
Сіз үшін нақты логика, фактілер мен дәлел маңызды. Әр қадамыңызды жоспарлап, эмоциядан гөрі ақылға сүйенесіз.
Б – Шабытты шығармашыл
Сізде ерекше көзқарас пен ішкі түйсік күшті дамыған. Сезімталсыз, өнер мен табиғат сізге ерекше әсер етеді.
В – Ішкі әлемі бай интроверт
Сіз тыныштық пен терең ойды қалайсыз. Жағдайды бақылап барып әрекет етесіз, көпшілік ортада өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін.
Қорыта келсек, бұл тест – тек алғашқы көзқарасты ашатын құрал. Ең маңыздысы – өзіңді жақсы түсіну, қабылдау және дамуға ұмтылу. Себебі адам – өмір бойы өз «Менін» іздеп жүретін жолаушы.