Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында келіне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.
«Кеше біздің отбасымыз үшін ерекше күн болды.
Әдия қызымызға аналық ақ батамен сырға салып, өз қызымыздай қабылдадық
Маңғаз Маңғыстаудың ыстық ықыласы мен ақ ниеті үшін алғысымыз шексіз!
Құдалық, сырға салу, қазақи жөн-жоралғы – екі отбасыны жақындастыратын ізгі дәстүр.
Енді, Алла қаласа, үлкен тойға да дайындалып жатырмыз. Қос балапанымызға бақыттың базарын, уақыттың ғажабын тілейміз!» – деп жазды Динара Майғазиева.