Басты бет » Жаңалықтар » «БАҚЫТЫН ӨЗ ЕЛІНЕН ТАППАҒАНЫ МА?»: ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА АРНАП ЖАЗБА ЖАРИЯЛАДЫ

«БАҚЫТЫН ӨЗ ЕЛІНЕН ТАППАҒАНЫ МА?»: ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА АРНАП ЖАЗБА ЖАРИЯЛАДЫ

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатырған қазақ қыздарына байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Jastar janary.

«Біраз қазақ қызын ұзатып жүрміз ғой… Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін. Бастапқыда бұл менің жүрегіме жеңіл тиген жоқ. Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз – ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз.
Бірақ уақыт өте келе ойлана бастадым. Махаббат ұлт таңдамайды. Әр адамның өз бақыты бар. Әр қыз өз жүрегінің қалауымен, өз тағдыр жолымен жүреді.
Дегенмен менің ойымда бір сұрақ тұрып қалды: Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?
Кейде қыздарымыздың қазақ жігіттеріне ренжуі, қорған таппауы оларды өзге жаққа бұрып
жібереді ме деген ой келеді. Бұл біреуді кінәлау немесе тағдырын талқылау емес. Жай ғана мені ойландырған мәселе», – деп жазды Қарақат Әбілдина.