Белгілі журналист Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні мәhірге не алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Jastar janary.
Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Мәулен мәhірге алтын сақина сұраған видеосы әлеуметтік желілердегі көптеген парақшаларда тарады.
Желі қолданушыларының басым бөлігі жас келіннің қарапайымдылығымен тәрбиелі отбасыдан шыққандығын алға тартты.
«Жарайсың, аспандағы айды сұрамай ақылды екен», «Ақылды қыз екен. Мәселе дүниеде емес. Алып беретін жігіт үй, машинаны мәhірсіз де алып береді», «Тәрбиелі қыз екен», «Иманы бар екен», – деп жазды желі қолданушылары.