Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстанда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

Кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілісте қаралатын заң жобасы аясында никабқа тыйым салу мәселесі қарастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jastar janary Qazaq.today сайтына сілтеме жасап.

«Бөлек заң жоқ. Бұл – ІІМ желісі бойынша дайындалған заң жобасындағы норма. Ол қауіпсіздік мәселесіне қатысты және никаб киюге тыйым салуды көздейді. Қазір бұл норма Мәжілісте. Өзімнің білуімше, жақында бірінші оқылымда талқыланады», – деді министр Ақордадағы кулуарда.

Қоғамдық орындарда діни киім кию мәселесі Қазақстанда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұл тақырып ел ішіндегі дін мен қоғам арасындағы қатынас, діни еркіндік пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерін күн тәртібіне шығарып отыр.