16 жасында тұрмысқа шыққан келіншек бүгінде 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Jastar janary ПОР Qazaqstantv сілтеме жасап.
Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова 24 мамыр күні он екінші баласы — Мұхаммед-Әлиді өмірге әкелді. Салмағы – 3400
грамм.
Ол 16 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір күйеуімен бірге 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр. Отбасы аудан орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 баласы мектепте оқыса, 2 бала балабақшаға барады.
Жергілікті әкімдік отбасыға ауылға көшуді, үй мен мал беруді ұсынып отыр. Мақсат – бала саны азайған ауыл мектебін қолдау.