Басты бет » Жаңалықтар » NU жастары халықаралық өнер фестивалінде топ жарды

NU жастары халықаралық өнер фестивалінде топ жарды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық «Dubai Grand Festival» өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Jastar janary.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғарғы марапаты – Бас жүлдеге ие болды.

 

Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан айтулы шара болды.

Дереккөз және фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты