Танымал әнші Kalifarniya жанды дауыста ән айта алмағаны үшін сынға қалды, деп жазды Jastar janary
«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» дәрежесі берілгене байланысты өткен мерекелік іс-шарада эстрада жұлдыздары жанды дауыста ән айтты. Сахнада «Қар» атты әнін орындаған әнші Kalifarniya көпшілік алдында жанды дауыста ән айталмады деп тыңдармандар талқысына қалды.
«Күлкі болды ғой», «керемет өте жақсы айтты», «микрофон немесе аспаптары дұрыс емес сияқты, негізі даусы жақсы әнші», «Жанды дауысты айта алмайды екен», «семірген екен танымай қалдым», «сахнадағы әнші өзінің даусын және мужыканы естімейді, сол үшін наушник арқылы естіп тұрады бұл жерде бір нәрсе дұрыс болмады,артынан жақсы айтып кетті «, — деп жазды желі қолданушылары.