Басты бет » Жаңалықтар » «Мама» дегенін естігім келеді: Еркебұлан Дайыровтың анасы арманымен бөлісті

«Мама» дегенін естігім келеді: Еркебұлан Дайыровтың анасы арманымен бөлісті

Танымал актер Еркебұлан Дайыров осы кезге дейін анасын «тәте» деп айтып келген. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Jastar janary.Сұхбат барысында журналист актерге анасының арманын жеткізді.

«Мен анама «тәте» деп айтқаныммен оның астарында «Ана» деген сөз жатыр ғой. Міндетті түрде сөзбе-сөз айтудың керегі жоқ шығар. Мен ол кісіні де қатты жақсы көремін…», – деді актер.

«Мен босанбай тұрып ата-енем «біріншісі ұл болса біздің бала болады» деп айтқан. Ауырып жатырмын, депрессиядамын. Бірақ оны білдіртпеймін. Самаурынның қасында шәй құйып отырып, маған қарап отырып томпаңдап қасыма келді. Қарауға шыдамым жетпейді. Білдіртіп қоямын ба деп. Ата-енемнің көңіліңе қарап отырдым ғой. Көзімді төмен салып қарамай отырдым, сонда да айналып келіп алдыма отырды. Көкірегіме еміреніп, ашып жіберген кезде не істерімді білмей қалдым ғой. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз баламның «мама» деген сөзін естіп кету – арманым», – деді анасы Нұржамал Алимова.

Сұхбат барысында актер анасына хабарласып, оны алғаш рет «мама» деп атады.