Басты бет » Жаңалықтар » Jaidarman AWARDS: Маусымашар–2025 аяқталды

Jaidarman AWARDS: Маусымашар–2025 аяқталды

Астанада «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен Jaidarman ойындарының Маусымашар–2025 сайысы өтті. 
Фотосуреттер: t.me/JastarRuhy

Маусымашар аптасында 250 команда, 1500-ден астам қатысушы және Әзербайжан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан командалары өнер көрсетті.

Ойын барысында 2024 жылғы чемпиондар – «Талант», «Жуалы», «Шапалақ» құрамалары, сондай-ақ  II орын иегері – «Қыздарский Семей», III орын иегері – «Эверест» сахнада соңғы ойындарын көрсетті.

Jaidarman AWARDS аясында ерекше номинациялар да берілді. Су тасқыны кезінде көрсеткен көмегі үшін «Құтқарушылар» құрамасына «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова табыстады.

Ойынның қорытындысы бойынша «Құтқарушылар» командасы үздік нәтиже көрсетіп, «Жайдарман» республикалық телевизиялық Ұлттық лига ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде халықты құтқару жолында жүрген, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді-мекенді су тасқынынан қорғау мақсатында атқарған қызметтері үшін “Игі іс” номинациясын алды.