Басты бет » Жаңалықтар » Әнұранға құрмет көрсетпеген спортшы сынға қалды

Әнұранға құрмет көрсетпеген спортшы сынға қалды

Ол Мемлекеттік Әнұран шырқалғанда қолын қалтасына салып тұрған.

София Аверьянова қол күресінен Өзбекстанда өткен әлем кубогына Қазақстан атынан қатысқан.

Желіде тараған видеодан оның бір қолын жүрегіне қойып, екінші қолын қалтасына салып алғанын көруге болады. Ал жанында тұрған екінші спортшы тіпті қолын жүрегіне қоймаған.

Желі қолданушылары «оларды легионерлер, Қазақстанға құрметсіздік танытты» деп сынға алды. Ал спортшы бұл қылығы үшін кешірім сұрап, әдейі істемегенін айтты. Себебі ол жарыс кезінде қолын жарақаттап, физикалық тұрғыда көтере алмаған.