Шерзаттың отбасына көмек көрсетіп жүрген Айтбек Амангелді министрлікті қатаң сынға алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсететін қоғам қайраткері Айтбек Амангелді тергеу изоляторындағы жағдайды санаториймен салыстырды. Қоғам қайраткері Айтбек Амангелді түрмеде туған күн тойлағандарға қатысты пікір білдірді.
бейнежазбадан алынған кадр
Ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін сынға алды. Желіде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде туған күн тойлап отырған видео тараған болатын.
Бейнежазбада жас жігіттердің “Алиса” яндекс-станция арқылы музыка қойып, би билеп, торттағы шырақты үрлеген сәттерін байқауға болады. Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсететін қоғам қайраткері Айтбек Амангелді тергеу изоляторындағы жағдайды санаториймен салыстырды.
«Видеоға қатысты айтсам, біз не үшін заңға сүйеніп, заңгер жалдаймыз? ІІМ, прокуратура, тергеу, ары қарай сот не үшін керек, егер біз қамауға алынғандарға санаторийдегі сияқты жағдай жасасақ? Әділдік қайда? Түрмеде де сол, барып тұрған заңсыздық», – деді ол.
Қоғам қайраткері бұл туған күн тойлайтын орын емес, түзету мекемесі екенін атап өтті.
«Бұл демалып жататын және туған күн тойлайтын орын емес, түзету мекемесі екеніне көз жеткізу үшін тұтқындарды ұстау орындарына қоғамдық бақылау енгізу қажет», – деді Айтбек Амангелді.
Естеріңізге салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын кәлеуметтік желіде бір топ ер адамның түрмеде билеп, көңіл көтеріп жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.
Оның үстіне, ерлердің бірі екіншісіне майшам жағылған тортты береді. Авторлар мен комментаторлар видеоның кейіпкерлері Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша күдікті деп отыр. Алматы облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Уақытша ұстау изоляторынан қамауға алынғандардың бірінің туған күнін тойлап жатқан бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Аталған құқықбұзушылықтың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою шаралары қолға алынды», – делінген хабарламада.