Басты бет » Жаңалықтар » 16 жасар қазақ футболшысы «Челсиге» ауысады

16 жасар қазақ футболшысы «Челсиге» ауысады

Алматының «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубына ауысатын болды. Бұл туралы Британияның әйгілі телеарнасы BBC-дің журналисі Низар Кинселла мәлімдеді.

«Жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челси» клубының академиясына қосылады. Оның жасы 16-да», – деп жазды Кинселла Х әлеуметтік желісінде.

Өткен маусымда Дастан Қазақстан U-19 құрамасы мен «Қайраттың» QJ League командасында ойнап, 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.