Басты бет » Жастар үні » Қазақ жігіті Apple-де басшы болып тағайындалды

Қазақ жігіті Apple-де басшы болып тағайындалды

29 жастағы Ақтөбе тумасы Әділхан Қопабаев Apple корпорациясында басшылық қызметке тағайындалды. Ол Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Jastar janary Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ulysmedia коллажы

Ол компанияның Орталық Азия мен Армениядағы қызметін қадағалайтын болады. Әділхан Қопабаевтың Дубайдағы кеңседен жұмыс істейтіні хабарланды.

БІЛІМІ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Әділхан Қопабаев 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан Ұлттық Ғылым және Технология Институтын (UNIST) «урбанист-инженер және технологиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Ол беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясының иегері.

2021 жылы Қопабаев АҚШ-тың Провиденс қаласындағы Браун университетінде мемлекеттік басқару бойынша магистратураны аяқтап, Рокфеллер қорының стипендиясын иеленді.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Apple компаниясындағы қызметіне дейін Әділхан халықаралық консалтингтік және IT компанияларда жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігіне қарасты «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарды және ҚР отын-энергетикалық кешенінің «Жағдайлық-талдау орталығы» басқарма төрағасы болды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қопабаев Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына енді.

институтын инженер-урбанист және технологиялық менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

UNIT Global UniStar стипендиясының иегері. 2021 жылы Браун университетін бітірген. Рокфеллер қорының стипендия иегері. Халықаралық консалтингтік және IT компанияларда жұмыс істеген.

Дереккөз бен коллаж: ulysmedia.kz