Басты бет » Жаңалықтар » «КЕЛЕШЕК»: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ?

«КЕЛЕШЕК»: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ?

Жақында Мемлекет басшысы «Келешек» бағдарламасына қатысты заңға қол қойды.

«Келешек» жүйесінің артықшылықтары:
ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);
жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі
жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады:
— колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.
Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады:
— басқа техникалық және жоғары білім алуға;
— жинақтауды жалғастыруға;
— қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға;
— тұрғын үй алуға пайдалануға;
— білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.