«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңесінің мүшелері мен полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы құқықтық нормаларды нығайту мақсатында рейдке шықты. Рейд барысында есепте тұрған, ата-аналары ішімдікке салынған және зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылардың жағдайы тексеріліп, кеңес берілді.
Кеңес мүшелері қаладағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты анықтау мақсатында компьютерлік клубтарға да рейд жүргізді.
«Рейд барысында 18 жасқа толмаған 30 жасөспірімнің түнгі уақытта ойын клубтарында жүргені белгілі болды. Кәсіпкерге айыппұл салынды, ал кәмелет жасқа толмағандар полиция басқармасына жеткізілді. Олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді кеңес төрағасы Раушан Аймұрзаева.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген рейд нәтижесінде ата-аналар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтуға және отбасылық жағдайы күрделі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.