Басты бет » Жаңалықтар » «Өнерім жетіп артылады»: ұн илеп, үй сылаған Назым Қызайбай жанкүйерлерін таңғалдырды

«Өнерім жетіп артылады»: ұн илеп, үй сылаған Назым Қызайбай жанкүйерлерін таңғалдырды

Боксшы қыз әлеуметтік желісіне жаңа видео жүктеген.

«Өнерім жетіп артылады»: ұн илеп, үй сылаған Назым Қызайбай жанкүйерлерін таң қалдырды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін, ал әлемнің екі дүркін чемпионы, танымал боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желісіне кәсіби спорттан бөлек, жеке өмірінің фрагменттерін салып отырады, деп жазды Jastar janary порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, бүгін боксшы тамақтың түр-түрін пісіріп, үйін жөндеп, үйінің ішіндегі жиһаздарды өзі құрастырып жатқан видеосын жүктеген.

«Менің қолымнан бәрі келеді десем, ешкім сенбейді. Басқа өнерім де жетеді негізі», – деп қалжыңдаған боксшы қыз.

Оның желідегі жанкүйерлері Назым Қызайбайдың ас үйде жүргеніне көз үйренбегенін, дегенмен, оның кәсіби спортшы ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы екенін жазған.