Елорда тұрғындары 25 желтоқсан күні Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр.
25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған, қаза тапқандар бар.
Астаналықтар Әзербайжан халқымен бірге қайғырып, қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр.