Шуақ

(Суна Гүлер)

 Мейрхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудармамды Жансерік Берікқазыұлына арнаймын

 

Жанға серік – алау от арман,

сөнбейтін тағдыр дауылда…

 

***

 

Жан серігің –

арманың мен қиялың,

Ұғынтар өмірлік жыр барын.

Өрлікпен елетпейтін де солар,

Тағдырдың бұраң жолдарын.

Жан серігің –

теңіздей көңіл-ау,

Теңіздей ғазал сезім-ау.

Жан серігің –

арлы жүрегің,

Өлмейтін өрлік пен төзім-ау.

Шуақ таңнан бақ тілеп,

Көңіліңнен ұшқан ақ тілек.

Жан ғазалын –

жақсы сөз деп,

Үміттен үкі тақтың кеп.

Арман отын жақтың дөп,

Теңіздей толқып, тастың көп.

Жан серігің –

арын жықпастан,

Тірлікке танта алмас кейде еп.

Еңбектің ғана қара нанын жеп,

Арсыздықты санаған арам шөп.

Арсыздықты түбімен отайтын,

Арсыздық сүймейтін əділ бек.

 

Аударған:

Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы

Пікір жазу