Бұл туралы Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жазды.
«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлығына алғыс айтамын. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды әнші.
DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – жыл сайын Дубайда өтетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, гуманитарлық жұмыстар мен бизнеске және қоғамның өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін аймақтық, әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғаларға, ұйымдар мен компанияларға беріледі.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы