Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында студенттердің шәкіртақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Jastar janary порталы.

«Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20%-ға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл алдағы бесжылдыққа арналған жоспар», – деді министр.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы