Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралады. Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр.
Фильмнің жаңа нұсқасында қазіргі заман технологиялары мен трендтері енгізілген. Бірақ түпнұсқаның негізгі идеялары сақталады. Басты рөлдегі актерлер көрермендердің оң бағасын алуда. «Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.
Қазақ кино әлемінде ойып тұрып орын алған, әр жүректің балалыққа шаққа деген сағынышын сездірер «Менің атым Қожа» фильмі заманға сай қайта түсіру бастамасын Qalan.kz компаниясының демеушілігімен жүзеге асылуда.
Жуырда жарық көретін фильмнің басты кейіпкері Қожаның рөлін сомдайтын актерге желі қолданушылары таңданып, «Қалай айнымайтын актер тапқан», «Актерлердің бәрін айнытпай тауыпты» деген пікірлерді жарыса жазуда. Сондай-ақ, көрермендердің Қожаны сағынғандары да байқалады. «Үлкен экранға шыққанын күтеміз», «Бұл фильмді қатты жақсы көремін», «Дұрыс жаңа форматта шыққанын қолдаймын» деп жаңа бастаманы қолдап жатқандар көп.