Басты бет » Жаңалықтар » «Түнгі қаладағы балалар»: Астанада балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі тексерілді

«Түнгі қаладағы балалар»: Астанада балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі тексерілді

Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сол сияқты балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Алматы және Нұра аудандарының ПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері кәмелетке толмағандарды, ІІО есебінде тұрған қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайлардағы отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде, ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол беру фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды.
Іс-шараға Нұра және Алматы ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық Полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімі, Білім басқармасы және елорда әкімдігінің Әйелдер істері және демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында полиция басқармасына 94 жасөспірім жеткізілді. 88 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2,3-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы) – 68. 12 кәмелетке толмаған ІІО-ға орналастырылды.

Астана әкімдігінің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Қарлығаш Сәркенованың айтуынша, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мәселелері комиссияның ерекше бақылауында.
Айта кетейік, бұл іс-шара жыл соңына дейін  Астана қаласының барлық аудандарында жалғасатын болады.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынған, сондай-ақ 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден заңды өкілдерінің ерік жүруінсіз шығуына тыйым салынады.