Басты бет » Жаңалықтар » Ертең Астанада «KitapTime-2024» фестивалі өтеді

Ертең Астанада «KitapTime-2024» фестивалі өтеді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананда 20 қыркүйекте жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыралатын «Kitap Time-2024» lll жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.
Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылатын республикалық шара биыл Елорданың рухани ордасы – Ұлттық академиялық кітапхананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

«KitapTime-2024» lll жалпы республикалық кітап фестивалі аясында түрлі балалардың ( «Абай», «Арман-Па», BG-Print», «Фолиант», «Қасым», «Қазақ кітабы», «Мұқаба», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppe&World», және «Алматы кітап», «Kitapal», «Ziyat Kitap» кітап дүкендері; шет елдер елшілігінің кітап көрмесі, қатысуымен кітап жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, (саз балшықтан бұйым жасау үйірмесі, сиқырлы мозайка, қыш құмыра жасау, қолөнершілер шеберханалары, т.с.с)bookcrossing, интерактивті, балаларға арналған ойын-сауық түрлері, түрлі тақырыптағы дәрістер, тренингтер, шеберлік сағаттары, шығармашылық кездесулер, концерттік бағдарлама және т.б іс-шара ұйымдастырылады.