Басты бет » Жаңалықтар » Фархад Молдағали «Звезды содружества» сыйлығына ие болды

Фархад Молдағали «Звезды содружества» сыйлығына ие болды

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Фархад Молдағали ТМД мемлекеттерінің XVII шығармашылық және ғылыми интеллигенциялар форумы аясында «Звезды содружества» арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Беделді марапат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымдастырған «Содружество дебютов» халықаралық марапаттау рәсімінде табысталды.
Фархад Молдағали – белгілі режиссер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыи‌лығының лауреаты. Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері. 2017 жылдан бастап, «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі.
Фархад Молдағалиды жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!