Парижде алауын жаққан паралимпиада ойындарында Қазақ елінен спортшылар да бақ сынап жатыр.
Қазақстан атынан 44 атлет спорттың 9 түрі бойынша қатысады. Олар дзюдо, пауэрлифтинг, таэквондо, жеңіл атлетика, нысана көздеу, үстел теннисі, жүзу, каноэ және волейболдан жарыс жолына шығады.
Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.