Басты бет » Жастар үні » МЕТА-да еңбек етіп жүр талай қазақ баласы

МЕТА-да еңбек етіп жүр талай қазақ баласы

Бірнеше жыл бұрын Facebook компаниясы атауын өзгертіп, “Meta” компаниясына айналғанын білеміз.
Бүгінде аталған әлемге әйгілі алпауыт компанияда қазақ жастары да еңбек етіп жүр. 


Жақында әлеуметтік желідегі парақшасында ой бөліскен белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау:

“Менің жанымда отырған 4 жігіт музыканттар емес, бұл — META компаниясындағы қазақтар, мынау демалыс бөлмесі.
Бүгін біз Instagram, Facebook, Whatsapp өнімдерді шығарған META компаниясында қонақта болдық”, — деп жазды.

Аталған компанияда 50-ге жуық дарынды қазақ жастары жұмыс істеп жатыр екен.
Жанында Google, Yelp сияқты компаниялар бар, ал жалпы Лондондағы IT компанияларында 100-ге жуық қазақ жастары еңбек етуде.

“Тағы басқа Booking-те жұмыс істеп жатқан 50-ден астам қазақты, Америкада, Гонконгте, Кореяда, Дубайда IT саласында еңбек етіп жүрген жастарымызды көріп, Қазақстанның IT саласының болашағы зор екеніне күмәнсіз қарайсыз. Олай дейтінім, осында жұмыс істеп жүрген жастарымыздың көбісі шетелде емес, өзіміздің Қазақстандық университет бітіргендер.
Олар ағайын-туыстарына, ата-анасына, бауырларына айлықтарынан үлес беріп, көмектесіп отырады деп ойлаймын.
Сондықтан шетелден Қазақстанға қомақты қаражат кіргізіп жатқан да осы жастар”, — дейді Сырымбек Тау.

Мұндай жастары бар біздің болашағымыз алда екеніне күмәнсіз. Осындай жастарымыз көп болсын!

PS: Жалпы, шетте жұмыс жасап жүрген Қазақ жастары экономикамызды көтеретін бір күш. Сондықтан олармен тығыз байланыста болу керекпіз деп ойлаймын.

Кәсіпкердің бұл пікірі расымен де қазақ жастарының білімге, білуге, үйренуге деген ұмтылысы, IT саласындағы біліктілігі еліміздің жарқын келешегіне деген сенімді нығайтса керек.

Роллан Граменский,

Еуразия ұлттық университетінің студенті