Биыл Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтіледі. 3-12 тамыз аралығында республика бойынша 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған.
Ең алдымен, халықаралық жастар күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы Жастар саясатының негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту мәселелері бар. Сондай-ақ, ұлттық онкүндік шеңберіндегі іс-шаралар «Адал азамат» концепциясын насихаттауға ықпал ететін болады. Айта кетейік, онкүндік республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара байланысына ықпал етеді.
Іс-шаралар 3 тамызда Taza Qazaqstan экологиялық акциясымен басталды. 12 тамызға дайын жалғасатын жастар онкүндігі «Жас келсе, іске!», «Денсаулық – зор байлық», «Ғылым таппай мақтанба», «Мейірімділік мекені», «Адал азамат», «Еңбек бәлін де жеңбек», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», «Қорған-24», «Жастармен бірге!» атаулармен өтеді. Еліміздің барлық өңірлерінде жастар саябақ аймақтарын, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандар аумақтарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізеді.
«Жас келсе іске»: Жастар онкүндігінің екінші күні қалай өтті?
«Жас келсе іске» акциясы жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің екінші күнін атап өтті. Ол өзін-өзі дамытуға, көшбасшылық идеяларын ілгерілетуге және кәсіби дамуға арналды.
Акция аясында барлық өңірлерде жастардың кәсіпкерлермен, өнер, ғылым және спорт қайраткерлерімен мотивациялық кездесулері өтті. Сондай-ақ отандық киноны танымал ету үшін қазақстандық «Жау жүрек мың бала», «Қызыл диплом», «Бекзат», «Боксшы», «Өмір ағысында», «21 ғасыр жастары», «Маған назар аудар», «Анаға апарар жол», «Еркебай», «Таптымау сені», «Шоқан», «Өмір-ай», «Қазақ хандығы, «Алтын тақ» фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Жалпы, іс-шараларға 17 000 жас қазақстандықтар тартылды. Бүгін, 5 тамыз, онкүндіктің үшінші күні. Ол СӨС-ке арналған.