Сұлулықты жақсы көретін қыздардың күні бүгін қандай киім киемін деген оймен басталады. Әдемі шаш үлгісі, жарасымды макияж, сәнді киім таңдап оны үйлестіріп киюдің өзі – өнер. Күн сайын түрлетін жаны сұлулыққа қүштар қыздардың жан-жақты образдары жыл сайын жаңарып отырады.
Фото: marieclaire.ru
2024 жылы дизайнерлер қыздар өзіне жайлы әрі үйлесімді киімдерді таңдауға кеңес береді. Десе де, осы жылы жасыл, ақ, қызыл, түстер сәнде болады. Ал мерекелік кештерге көздің жауын алатын жылтыр көйлектерді киген дұрыс. Себебі биыл изумрудты жасыл түсті жылтыр түстер трендте болады.
Кезекті жыл ауысымында сән әлеміндегі өзгерістер жайлы отандық танымал диззайнер Леонид Жеребцов былай дейді:
«Келесі жылы ақ, қара, сұр түсті маталар сәнге айналады. Қысқа көйлектер жаңа маусымда жаңа сән түріне енеді. Жақында Пантон өте нәзік шабдалы түстің сәнге айналатынын айтты. Мен драп маталарды да 2024 жылы сәндік маталар тізіміне енеді деп айта аламын. Сондай-ақ алтын түстес киімдер. Қолға ұстайтын алтын түстес сумкалар, аксессурлар, киімге жабыстырылған алтын түстес жолақтар да келесі жылы сән әлеміне енеді».
Ал одан бөлек, образыңызды одан әрі әдемі қылып толықтыратын шаш үлгісі. Биыл қарапайымдылық жылы болғандықтан, жинақы, өрілген, түйілген шаштар қашанда сәнде. Таңдаған шаш үлгіңіз, киім киісің талғамыңыздың жоғары екендігін көрсетеді.
Қыс мезгілінде ұзын өлшемдегі белдемше мен кең етекті шалбарлар, тоқылған киімдер, былғары джинсы матасынан тігілген киімдер сәнде болса, жаз мезгілінде ашық, бос тұратын сарафандар трендте.
«Адам көркі – шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ» демекші, қазірде адамның киіме қарап талғамына баға береді. Талғамды болып көріну үшін тек қана қымбат киім киіп, бренд заттарды ұсау емес, ен бастысы жарасымды, ыңғайлы болуы қажет. Мәселен, отандық диззайнер Айда Қауменова: «Әр адамның стилі бар, өзіне не жарасымды екенін біледі. Биыл мынау модада, келесі жылы анау модада деп киінуге болмайды. Өйткені әр жылдың тренді болғанымен, адам өзіне не жарасымды екенін жақсы білу керек. Менің ойымша, сән деген ұғым тренд
немесе бренд киімдерді киюде ғана емес, талғаммен киіне білуде. Егер сәнді болып көрінгіңіз келсе, жарасымды киіне білгеніңіз дұрыс». – дейді.