Басты бет » Жаңалықтар » БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?

Премьер-Министр 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды.

Сурет: egemen.kz/

«Лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеуді қамтамасыз ету қажет. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс және балаларды жұмыспен қамту барлық жерде тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін ресми түрде жүзеге асырылады. Қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы балалардың қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып қамтамасыз етілуі керек. Қауіпсіздік және санитарлық талаптар бойынша мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға дейін жою қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерьлермен, үйірмелермен, секциялармен сауықтыру және бос уақытты өткізу бойынша барлық нысандар туралы толық ақпаратпен қамту үшін бірыңғай электрондық платформа құру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.

Осы тапсырманы жүзеге асыру бағытында Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады:

Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда. Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.

алпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп күтілуде: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде.

Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады: «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Бір күн қалада», «Қонақжай отбасы» және басқалары, бұл демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Жаз маусымы қарсаңында Министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылады.