Басты бет » Жаңалықтар » Сүйінші! Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы

Сүйінші! Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы

 Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды. Жеңімпазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. 

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Porsche Tennis Grand Prix WTA 500 турнирінің финалында украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымдағы үшінші турнирінде жеңіске жетіп отыр.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche автокөлігі тарту етіледі.

@qazaqstantv