Қызылордалық Асылжан Абдуллаев жобасына QazaqGPT деп ат қойды. Оның жобасы американдық прототиптерге қарағанда ауқымдырақ. Пайдаланып көрген адамдар қатары 2000-нан асады.
«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді Асылжан Абдуллаев.