Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы QAZAQ TILI қорына өз атынан 7 млн теңге аударды

Мемлекет басшысы QAZAQ TILI қорына өз атынан 7 млн теңге аударды

Президент қазақ тілін қолдау мақсатымен құрылған QAZAQ TILI Endowment Qory-на алғашқы болып жарна аударды. Мемлекет басшысы өз қаражатынан қосқан жеке жарна көлемі – 7 млн теңге.

«Президент «Қазақ тілі» қоғамына мемлекеттік тілдегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту үшін заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырды», — деді қор басшысы Рауан Кенжеханұлы.

t.me/atamekenbusiness_qaz