Басты бет » Жаңалықтар (страница 93)

Жаңалықтар

Айсұлу Өскенбайқызы: Қиялдан туған суреттер бағалы болады

Айсұлу Өскенбайқызы, Ə. Қастеев атындығы өнер музейінің қызметкері, суретші.  – Бұл салаға қалай келдіңіз?  – Суретшілік өнерге құштарлығым бала шағымнан бастау алды. Анамның қасында отырып, оның тіккен тігістеріне, жасаған бұйымдарына қарап көп нəрсе үйрендім. Сол кезде суретші болуды армандайтынмын. Міне, сол арманыма жеттім.  Жалпы өзім Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында бакалавр мен магистратураны оқып бітірдім. Енді болашақта докторлықты сонда қорғамақ ...

Толығырақ »

ШАМАҢ КЕЛСЕ ШЫНДЫҚТЫ АЙТ

«Қаламгер қазынасы» сериясынан Көсемәлі Сәттібайұлы Талапты ауылы. Шерхан ағаның інісі Батырханның шарбағындағы алма талдың түбінде отырмыз. Кешкі мезгіл. Өрістен қайтқан сиырлардың мөңіреген дауысы мен ауыл адамдарының самбырлаған үндері құлаққа келеді. Бәкеңнің абалаған иті де кешкі шуды молайта түскісі келгендей қосамжарланып жатыр. Шерағаң болса «ал, сөйле» дегендей мені күтіп отыр. Әрине, Шерағаң туралы көп жызылды. Көп айтылды. Олар кітап болып бірінен ...

Толығырақ »

Жапонияда мұғалімдер күні жоқ

Бірде мен жапондық әріптесім Ямамота мұғалімнен сұрадым: — Жапонияда мұғалімдер мерекесі қашан болады? Сіздер оны қалай атап өтесіздер? Менің сұрағыма Ямамота таңданып: — Бізде мұғалімдер мерекесі жоқ. Оның бұл жауабына сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Менің санамда: «Экономикасы, ғылымы және техникасы дамыған ел мұғалімге, оның жұмысына неге мән бермейді?» деген ой ұшқындады. ***** Сонымен, жұмыстан кейін Ямамота мені үйіне қонаққа ...

Толығырақ »

ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІ

Әжемнің асыл бейнесі көз ­алдымда… Әжем жаратылысынан ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті өзара үйлесім тапқан, жүзі шырайлы, бітімі келісті, бойшаң, кеудесін тік ұстайтын, зерек ойлы, талғамы жоғары, зиялы жан еді. Күнде таңғы елең-алаңда ерте тұрып, ­Алладан бала-шағасының амандығын тілеп, жайылған дастарқанға ыстық ықыласын білдіріп отыратын. Иә, асыл әжем Бөшенқажы келіні Зіния Ахметқызы 1910 жылы Алматы ­облысы Кеген ауданы Алғабас ...

Толығырақ »

Қарсыласының өміріне араша түскен футболшы (видео)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Оқжетпес» ойыншысы Дарко Зоричтің өмірін аман сақтап қалды. Оқиға Қазақстан чемпионатының 16-турындағы «Тараз» және «Оқжетпес» матчы кезінде болды. Бауыржан Тұрысбек ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. – Бауыржан, «Оқжетпес» футболшысының есінен танып қалғанын қалай білдіңіз? Оқиғаның жай-жапсарын айтып беріңізші. – Көкшетаулық футболшылар біздің қақпаға айып добын орындаған еді. Допқа талас кезінде Дарко ...

Толығырақ »

Елордада жастарға білім беру жобасы іске қосылды

Елордада «Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» республикалық жастар білім беру жобасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Форум – жыл сайын жаз айларында Зеренді өңірінде өткізілетін «Zeren» дәстүрлі диалог алаңының жалғасы. Пандемияға байланысты аталған шара онлайн форматта және бас қаладағы Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде ұйымдастырылды. Онда конгресс кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева мен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Сонымен ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды «Ақ Орданың» баспасөз қызметі. Жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасады.   Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу ...

Толығырақ »

Жас журналистерге кеңес

Журналист дипломы қолда, өзіңе ұнаған телевидениеге өндірістік іс-тәжірибеге келдің. Ешкімді танымайсың, редакциядағы бос тұрған бір орындықта отырсың. Ешкімнің сенде шаруасы жоқ, бәрі қарбалас. Тіпті біреуге барып, бірдеңе сұрауға қорқасың. Бірақ іштей сьемкаға шығып, сюжет жасағың келеді. Неден бастарыңды білмейсің. Ал таңертеңгі жиналыста еркін тақырып табыңдар деген мәселе жиі көтеріледі. Еркін тақырып ұсынып, ол редакторлардың «батасын» алса ғана іске кірісуге болады. ...

Толығырақ »

Жас әншілер Франциядан табыспен оралды

Франция Мемлекетінің Таити қаласында 1-3 қараша аралығында өткен Халықаралық «LE CONCOURSE DU ROI LOUIS XIV» вокалистер конкурсында Астана мемлекеттік академиялық филармониясының «Классика және эстрада» бөлімінің солистері ӘБІЛДА АЛТЫНБЕК ЕРКІНБАЙҰЛЫ мен АМАНЖОЛОВА АЙГЕРІМ МЕҢДІБАЙҚЫЗЫ жоғары дәрежеде өнер көрсетіп І ОРЫН лауреат атанды. Сондай-ақ, 2021 жылы Францияда өтетін гала концертке шақырту алды.

Толығырақ »

Балалар әдебиетінің бүгінгі бейнесі

Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Бұл Президенттің сөзі, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал кітап оқу дағдысы бала кезден қалыптасады. Бердібек Соқпақбаев, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әліден кейін балалар әдебиеті елеусіз қалғандай. Балдырғанның санасына ұлттық құндылықтарды сіңіретін көркем әдебиет неге кенжелеп қалды? Бүгінгі балалар әдебиетінің беталысы жақсы деуге келмес. Ғаламтордан жылдам ақпарат алып үйренген бала кітап оқуға құмар да емес. Әдейі ...

Толығырақ »