Басты бет » Жаңалықтар (страница 80)

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Лицейде жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі. Атап айтқанда, физика, химия, биология, математика және информатика пәндері бойынша сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Ұстаздар оқушылардың академиялық жетістіктеріне ден қояды. Нәтижесінде олар республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында және спорт сайыстарында үздік атанып жүр. Жыл басында ...

Толығырақ »

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр. Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның ...

Толығырақ »

Күз мезгілінде денсаулықты қалай күту керек?

Күз мезгілі – адамның иммунитеті төмендеп, жұқпалы ауруларды тез қабылдайтын, әлсірейтін кезең. «Дені саудың жаны сау» демекші, жаңбырлы, күздің салқынында денсаулықты қалай күту керек? Қандай тағам, дәрумендерді көп тұтынуымыз керек? Күздің  салқынында ауырмаудың жолын терапевт-фармаколог маманы Фариза Маврузқызынан сұрап білдік. – Фариза ханым, күз мезгілінде денсаулықты қалай күту керек? – Ең алдымен, күз мезгілінде балалар жиі ауырып қалады, сондықтан да ...

Толығырақ »

Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен үшін ең маңыздысы өзім екенмін

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің өмірден түйген ойымен бөлісті. «Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады? Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол – үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты. Десе де, «Мен үшін ең маңыздысы қайсы?» деген ой соңғы кездері маза бермейді. Сөйтсем, ...

Толығырақ »

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Фото: naryntany.kz Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мың оқушыға артты. Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі: * I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі; * ...

Толығырақ »

Мөлдір Мұқанова кино түсіріп жатыр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында кино түсіріп жатырғанын айтты. «Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерларымды арқалап, американско-корейский стильде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде – жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы ...

Толығырақ »

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда  дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 000-ға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және ...

Толығырақ »

Астанада Дүниежүзілік тазалық күнінде экологиялық акциялар өтті

Бүгін – бүкіл әлемде Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day). Осыған орай, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында ҚР Мәдениет министрлігі өкілдерінің қатысуымен ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Сондай-ақ Талдыкөл қалалық жағажайында «Көлді аяла» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны «Birgemiz:Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры ...

Толығырақ »

Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева әлеуметтік желіде қалың көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісіп, жазба қалдырды. «Ал сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым! Аллаға шүкір!» – деп жазды Мархабат Беспаева. Желі қолданушылары құттықтап, жақсы тілектерін жаудыруда.

Толығырақ »

Қыздар құрамасы әлемдік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері

Қазақстан қыздар құрамасы әлемдік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.    Венгрияда өткен жарысқа 188 елдің командасы қатысты. Бірінші орынды Үндістан алды. Үндістан 19 ұпаймен көш бастаса, Қазақстан 18 ұпаймен екінші тұғырға көтерілді. Құрамада қатарында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова бақ сынады. Ел шахматшыларын бапкерлер Павел Коцур мен Александр Моисеенко жаттықтырады.

Толығырақ »