Басты бет » Жаңалықтар (страница 21)

Жаңалықтар

Президент Мәскеудегі парадта Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Толығырақ »

ӘЙГІЛІ ҰШҚЫШ ИВАН КОЖЕДУБТЫҢ БОРТМЕХАНИГІ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КІМ?

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог-тарихшы, журналист ӘЙГІЛІ ҰШҚЫШ ИВАН КОЖЕДУБТЫҢ БОРТМЕХАНИГІ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУЛЫҚ МӘДИНА ЫСҚАҚОВАНЫ БІЛЕМІЗ БЕ? Жазып отырған кейіпкерімнің қызы – Аягөз қажымен көп жылдардан бері таныспын. Бұл мақаланы да жылда саламын. Неге дейсіздер ғой?! «Аруақ разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз. Мәдина апамыздың рухы разы болсын деймін. Бұл құрмет кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін қажет. Соғыс көрген әйелдер ...

Толығырақ »

Астанада әскери әндер челленджі өтті

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Соғыста да ән шырқаған» атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан челлендж өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталған шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық әндерді насихаттау және тарихи тұлғаларымыздың ерлігі мен өнегесіне құрмет көрсету. Ән челленджіне қатысқан әр ауданның өнер ұжымдары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді. Челленджге ...

Толығырақ »

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы парадта сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын атап өтті. – Біз ...

Толығырақ »

Мәншүк батыр атағын қалай алды?

HALYQLINE.KZ Мәншүк Мәметова 1922 жылдың 23 қазанында Орал губерниясындағы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданындағы Жиекқұм елді мекенінде дүниеге келді. Азамат соғысынан кейінгі елді жайлаған аштық кезінде көтеріп, босанған анасы Тойлышы да, әкесі Жиенғали да аурушаң еді. Жиенғали Мәметов Байұлының Шеркеш руынан еді. Анасы Тойылша кішкентай қызын «Моншағым» деп еркелеткесін, атың кім деп сұрағанда Мәнсия «Мәншүк» деп жауап қайтарғандықтан, Мәншүк ...

Толығырақ »

Отанды қорғау – қасиетті парыз: Алғашқы әскери дайындық пәні не үйретеді?

Бүгінгі бозбала ертеңгі күні жігіттік жасқа жетіп, әскер қатарына қосылады. Елін, жерін қорғап айбынды сарбаз ретінде Отан алдындағы парызын өтейді. Әрбір ер азаматтың Отан алдындағы міндеті – әскерге бару. Бүгін – Отан қорғаушылар күні. Айтулы мерекемен барша еліміздің тыныштығын күзетіп, Отанын қорғап жүрген азаматтарды құттықтаймыз! Біз бүгін мерекеге орай мектептегі Алғашқы әскери дайындық пәні жайлы әңгімелемекпіз. Бүгінгі кейіпкеріміз – мектеп ...

Толығырақ »

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазиев сүйіктісі Әдия Мәуленге үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Jastar janary. Бұл туралы Әдия Мәулен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті. – ...

Толығырақ »

Qaisar-2025: Жастар әскери-патриоттық алаңда асқақ рух пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті

Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 қыз-жігіт екі күн бойы табандылығы мен батылдығы арқылы Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп, күш-жігерін, ептілігі мен тапқырлығын сынады. Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жыл сайынғы «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздары анықталды. Екі күн бойы жоғары сынып оқушылары оқ ату сайысы, ұлттық спорт түрлері, эстафеталар мен кедергілер жолы ...

Толығырақ »

Хиуаз Доспанова – «Түнгі мыстан» атанған қазақтың ұшқыш қызы

Хиуаз Доспанова – Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлік ұшақ тізгіндеген тұңғыш әрі жалғыз қазақ қызы. Ол Орал қаласындағы аэроклубты аяқтағаннан кейін өз еркімен майданға аттанып, түнгі бомбалаушы ұшақты басқару ісін меңгеріп, 588-ші түнгі бомбалаушы авиациялық полкке штурман-атқыш болып қабылданды. Бұл полктің құрамында тек қыз-келіншектерден құралған ұшқыштар тобы қызмет еткен. Жаудың үрейін ұшырған бұл жауынгер әйелдерге немістер «Түнгі мыстандар» деген атау ...

Толығырақ »