Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, ...
Толығырақ »Жаңалықтар
18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасында күннің үздік сэйвтері тізіміне енді (видео)
Кеше Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде 18-жасар «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза 7 мәрте допты қайтарып, ойынның қаһарманы атанды, деп жазды Jastar janary. Ойында 0:5 есебімен «Реал Мадрид» командасы жеңіске жеткенімен, жанкүйерлер Шерханның ойын өрнегіне, қайсарлығына ризашылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатыр. «Болашағың жарқын болсын!», «Шерхан, жарайсың! Өркенің өссін!», «Мойыма! Сен жеңімпазсың! Қазақ елінің мақтанышысың!», ...
Толығырақ »Бала Шерхан «Balapan» арнасында
Кеше 18 жастағы Шерхан Қалмұрза «Реал Мадридке» қарсы ойында 7 сейв жасап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді, деп жазды balapantv арнасы инстаграм парақшасында. Шерхан бала кезінен қайсар мінезімен көзге түскен. Ол 8 жасында «Balapan» арнасының «Шытырман» бағдарламасына қатысқан. Бұл бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8–12 жас аралығындағы оқушылар жиналып, спорттық жарыстарда өзара бақ сынасатын. Бағдарламада Шерхан ерекше шыдамдылығы мен табандылығымен көзге түскен ...
Толығырақ »Димаш Құдайберген продюсерлігімен «Voice Beyond Horizon» жобасы жүзеге асты
29 қыркүйекте Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде «Voice Beyond Horizon» жаңа қазақ-қытай бірлескен жобасына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Димаш Құдайберген мен Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System (ХТЖ) телерадиокомпаниясы бірлесіп түсірген халықаралық жоба Қазақстанда 2025 жылдың қыркүйек айында жүзеге асырылды. Баспасөз конференциясына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Әсел Жанасова, Қазақстанның Халық артисі Димаш Құдайберген, ҚР Туризм ...
Толығырақ »Алматыға «Реал» келді
Коллаж: ulysmedia.kz сайтынан алынды. Ертең, яғни 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында Чемпиондар лигасының кезекті матчы өтеді. «Қайрат» футбол командасы атақты «Реал» (Мадрид, Испания) футболшыларымен кездеседі. Қонақтар кеше түн ортасында Алматыға ұшып келіп, стадионға таяу орналасқан InterContinental Almaty қонақүйіне орналасты. Испан клубын «атақты» деуіміз жай сөз емес, олардың даңқ-дәрежесі расында да таңқаларлықтай. Сонау 1902 жылы құрылған команда – расында да әлемдегі ...
Толығырақ »«МЕН – ҚАЗАҚПЫН!»: Биыл – Жұбан ақынның туғанына 105 жыл
Биыл – ақын, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл. Осыған орай 26-27 қыркүйек күндері тау тұлғаны түлеткен топырақ – Ақжайық ауданында мерейтойлық іс-шаралар өткізіледі. Жұбан елінің өкілдері Алатау бөктерінде болып, ақын рухына тағзым етті. Белгілі ақын-жазушылар Жұбан ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Алматыға арнайы келген Ақжайық өңіріне танымал журналист Біржан Амангелдіұлы жинақтаған сыр-естеліктерді оқырмандар назарына ...
Толығырақ »Жанкүйерлер «Қайрат» клубының тарихи кездесуін үлкен экраннан көре алады
30 қыркүйек күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде атақты испаниялық «Реал Мадрид» командасымен кездеседі. Бұл туралы Qazsport телеарнасы хабарлады. Еліміз үшін маңызды ойынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен бірге Корпорация елордалық жанкүйерлер үшін «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында ашық көрсетілім ұйымдастырады. Шараға түрлі саланың өкілдері, қоғам белсенділері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысады. ...
Толығырақ »Гонконгте өткен II Жастарды дамыту саммиті өтті
Гонконгте «Connecting the world into the Future» («Әлемді болашаққа жалғау») тақырыбында II Халықаралық Жастарды дамыту саммиті өтті. Саммитке Қазақстан делегациясы да қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі. Халықаралық кездесудің мақсаты – жастар саясаты, технологиялық инновациялар, мәдениет және креативті индустрия саласында тәжірибе алмасу. Саммитке Қазақстан, Сингапур, Жапония, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия және басқа да шетелдік мемлекеттерден келген делегаттар қатысты. Іс-шараға ...
Толығырақ »ӘКІМ ЧЕМПИОНҒА КӨЛІК ПЕН ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали және оның жеке бапкері Ғабиден Райымбекке ерекше сый-құрмет көрсетті. «Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз. Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім ...
Толығырақ »«Жасыл ел»: Астанада еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымы жабылды
Астанада «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымы салтанатты түрде жабылды. Конституцияның 30 жылдығына орай, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жастар сарайында өткен жиынды Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Жасыл ел» жастар еңбек ...
Толығырақ »