1991 жылы 2 сәуірде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Жайлы әрі қауіпсіз балабақша
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрықты қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды. Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады. Бұйрықтың негізгі тармақтарына тоқталып өтейін. 1. Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілді. Олардың ішінде: — өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ...
Толығырақ »Үздіктердің ұстазы
Қарағандылық ұстаз беделді халықаралық олимпиадалардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Ол туралы Оқу-ағарту министрлігінің бсспасөз қызметі жариялады. Ұстаз Саматов Абылай Маранұлының мұғалім қызметін атқарып келе жатқанына 11 жыл болды, ол мектепте химия пәнінен сабақ береді. Осы уақыт ішінде ұстаз халықаралық интеллектуалдық сайыстардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Биыл оның шәкірттерінің бірі Мадияр Қасымәлі химиядан беделді IChO халықаралық олимпиадасында алтын медаль ...
Толығырақ »Президент: Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке арқалап жүруге мәжбүр
Сурет: https://kz.otyrar.kz/ Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті. «Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv
Толығырақ »Президент ауылдарға Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge-2022» халықаралық технологиялық форумында: «Цифрлық даму министрлігі ең шалғай жердегі ауылдарда SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерін қосу жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс. Халықтың 40%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады», – деді. t.me/atamekenbusiness_qaz
Толығырақ »Өмірден ләззат алыңыз!
Бір жас маман жоғары оқу орнын 22 жасында бітіріп, үш жыл жұмыс таба алмапты. Бір адам тек 50 жасында ғана директорлыққа қол жеткізсе де, 90 жыл өмір сүріпті. Біреу бар жоғы 25 жасында басшылық қызмет атқарып, 50 жасында өмірден озды. Біреуіміз жасымыз отыздан ассақ та өз жартымызды таба алмаудамыз. Ал бір адамда 26 жасында төрт баласы бар. Макрон 39 жасында ...
Толығырақ »«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» жобасы аясында 800 мың оқушы жаңа мектепке барады
Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылады. ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ▪️2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу; ▪️мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету; ▪️оқушылар мен ...
Толығырақ »ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ABISH ALEMI» ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Жақында Ақтау қаласының Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында қыркүйектің 20-23 жұлдызы аралығында ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ABISH ALEMI» ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ өтті. Халықаралық фестивальде онға жуық театрдан 250-ге жуық сахна шеберлері өнер көрсетті. Оның ішінде, Грузия елінен Месхети мемлекеттік кәсіби драма театры, Башқұртстан Республикасынан Туймазы мемлекеттік татар драма театры, Қырғызстаннан Жалал-Абад облыстық Барпы атындағы қырғыз драма театр ұжымдары мен Қазақстан ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
Президент кездесу барысында жұмыс сапарының негізгі мақсаты облыстағы ахуалмен танысу екенін айтып, Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті. – Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше ...
Толығырақ »«Қазақ» картасы» – шетелдегі қандастарымызды қолдау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға Қазақ картасы беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) иеленеді. «Қандастарымыз ...
Толығырақ »