Басты бет » Руханият (страница 2)

Руханият

ЕЛДІК МҰРАТ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕЛЕРІНЕН ЕЛДІК МҰРАТЫМЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ЖҮЗДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС ТҮСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ХАБАР24» АРНАСЫ АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ ӘЗІРЛЕП, ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕЛЕРІНІҢ ОЙ-ПІКІРІН БІЛДІ, деп хабарлайды zhas-zhanary.kz. Фото: https://t.me/aqorda_resmi Telegram арнасы Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды. Дамыған мемлекеттің бәрі толық зерттелген төл шежіресін дәріптеуге айрықша мән береді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай ...

Толығырақ »

Асхат Аймағамбетов: Ұлттық құрылтайда нақты идеологиялық басымдықтар анықталып, тың идеялар айтылды

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда елде қызу талқыланып, көкейде жүрген мәселелер көтеріліп, маңызды шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысының баяндамасында нақты идеологиялық басымдықтар анықталып, тың идеялар айтылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жасанды интеллект, цифрландыру, жаһандану кезеңінде кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы – бірінші кезекте қоғамдық институттардың өзгеруіне, бейімделуіне, ұлттың бірегейлігіне, құндылықтар қалыптастыруына, ғылым мен ...

Толығырақ »

Жас ұрпаққа отаншылдық тәрбие беру аса маңызды

Президент Ұлттық құрылтайда: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, Адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн. Отанға деген сүйіспеншілік бұл – үлкен жиындарда ұран тастау немесе тек ән шырқау емес. Отаншылдық бұл – шынайы патриоттық сезім. Тұратын ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы: Қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр

Күні кеше Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген келелі мәселелерді көтерді. Соның ішінде жас ұрпақ тәрбиесі басты назарға алынды.  Мемлекет басшысы: «…Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Жалпы, дүниежүзіндегі әр ұлт – бірегей. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Табысқа жету үшін жоспарымыз қол жетпес қиялға не болмаса жалаң сөзге емес, нақты іске ...

Толығырақ »

Депутат сарбаз өлімі үшін әскери бөлім бастықтарын жазаға тартуды ұсынды

Сенат депутаты Геннадий Шиповских бейбіт уақытта әскердегі әскери қызметкерлердің өлімін азайтуға қатысты нақты шаралар қабылдауды, оның ішінде әскери бөлімдердің басшылығын жазаға тартуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Сенатор Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевке қойған сауалында әскери қызметкерлердің өлімі кейбір жастардың бойында үрей туғызып, әкердегі борышын өтеуден жалтаруға себеп болып жататынын атап өтті. «Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныс ...

Толығырақ »

Владислав ТЕН, полиглот, қазақ тілі онлайн мектебінің негізін қалаушы: КОРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІ РЕТІНДЕГІ МЕНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫННЫҢ БАРЛЫҚ ӨКІЛІНЕ АЛҒЫС АЙТУЫМ

Біздің ата-бабаларымыз 1937 жылы депортацияға ұшырап, Қазақ жеріне еріксіз келіп түскенде қазақтар олармен соңғы нанын бөлісіп, ажалдан құтқарып, көмек бергені үшін корей халқынан алғыс білдіремін. Сол кезде қазақ халқы ата-бабаларымызға қол ұшын бермегенде менің өзім де, менің екі балаларым да, менің көптеген туыс-туыстарым да бұл дүниеге келмес едік және осы алғысымды дәл қазір жазып отырмас едім. Қазақ жері корейлер үшін ...

Толығырақ »

1 наурыз – Мәншүк Мәметова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған күн

      Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі – Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туған. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина ...

Толығырақ »

Ағаш әлде арыстан: Суреттен не көрдіңіз?

Суреттен не көргеніңіз, жүрегіңіздің түкпірінде жатқан сырды айтуы мүмкін. Тексеріп көріңіз. Бірінші нені көрдіңіз? Ағаш Ылғи жайбарақат жүретін жансыз. Бұл жасқаншақтығыңыздан емес. Сізге өзіңіз қалаған өмірді сүрген ұнайды. Ешкімнің ойы мен пікірі сіз үшін маңызды емес. Горилла Суреттен дәл осы жануарды көрсеңіз, максималист және идеалға ұмтылатын перфекционист жансыз. Бір нәрсені немесе жағдайды сынның астына алғанды ұнатасыз. Бұл қасиетіңіз жаныңыздағы адамдарға ...

Толығырақ »

Автопортреттен өзіңізді таныңыз

Бірінші өз суретіңізді салып алыңыз, ейін төмендегі тұжырымдаманы оқыңыз. Сурет салу – адамның мінезін, көңіл-күйін,өзгелерден ерекшелігін анықтай алатын шығармашылық жұмыс. Бір адам әртүрлі жаста, әртүрлі көңіл-күйде, әртүрлі ортада жүріп бір суретті салса да, түрліше мән-мағына білдіреді. Салынған сурет арқылы психологиялық диагностика жасау психологияда жобалық диагностика деп аталады. Бұл диагностика адамның ішкі дүниесін, мінезі мен жеке қасиеттерін көрсете алады. Мысалы, адам ...

Толығырақ »

Балалар жырының бағбаны

Өңіріміздің тума-таланттарының ішінде өзіндік өлеңдерімен, балаларға арнаған тың туындыларымен ерекшеленетін өнер иесі Шарифолла Сәниевтің туғанына — 90 жыл. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жұбан ауылдық комьюнити кітапханасында “Балалар жырының бағбаны” атты әдеби кеш өтті. Шарада балабақша тәрбиеленушілері ақынның түрлі, қызықты балаларға арналған туындыларын оқыды. Маруся әже ақын өлеңіне жазылған жерлес сазгер Ж.Қуанғалиевтің “Көкте жұлдыз, жерде гүл демеймін” әнін ...

Толығырақ »