Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 45)

Архив блога

ҚАЗАҚЫ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты жас отбасылар арасында ұлттық-этнографиялық сайысы өткен болатын. Сол байқауда топ жарып, жеңіске жеткен Сәдуақасовтар отбасы бүгін біздің «Шаңырақ шаттығында»  қонақта. Ұлт дәстүрін сақтаған, жеті аттасын жаттаған, қазақылықты берік ұстанған көпбалалы отбасы – киелі Торғай өңірінің тумалары. Астана қаласына былтыр ғана қоныс аударған екен. «Көзі ашық, ел тарихына қанық әр қазаққа аян қазақ даласында тұңғыш ...

Толығырақ »

«Сәлем, Папа!»: Жасалған таңдаудың өзіндік тарихы бар

Әке – әр баланың өміріндегі маңызды тұлға. Бірақ кейбір балалар үшін әке – тек жоқтығымен ғана сезілетін бейне. Қазақстандық режиссер Дамир Тастембековтің «Сәлем, Папа!» фильмі дәл осы тақырыпты қозғайды. Бұл тек әке мен бала арасындағы байланыс туралы емес, ішкі жан дүниенің күресі, өзін іздеу, отбасы құндылықтарын қайта бағалау хикаясы. Фильмнің басты кейіпкері – Аман. Ол анасының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп ...

Толығырақ »

Біздің де үйде тойдың ауылы алыс емес – Сәкен Майғазиев

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary. «Той-тойға ұласа берсін. Жанар әпкеміз айтып жатыр ғой Айжұлдыздың да үлкен тойыңда бас қосу бұйырсын деп. Ол кезде біз Нұржан Төлендиев ұлың үйлендіріп жатыр еді алдын ала шақырып қойған еді Шымкентке. Одан кейін біздің де үйде тойдың ауылы алыс емес сияқты, Алла қаласа. Әлеуметтік желі шулап ...

Толығырақ »

WorldSkills Almaty-2025 чемпионатына 200-ден астам студент қатысып жатыр

Алматыда Жұмысшы мамандықтары жылына орайластырылған WorldSkills Almaty-2025 кәсіби шеберлік бойынша X өңірлік чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Jastar janary Алматы әкімдігінің ресми арнасы. Чемпионатта колледж студенттері инженерлік мамандықтар, IT, дизайн және аспаздық өнер сияқты түрлі бағыттар бойынша дағдысын көрсетуде. Чемпионат жеңімпаздары Алматы атынан Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал үздіктер 2026 жылы Шанхайда халықаралық деңгейде ...

Толығырақ »

Жұмысшы мамандықтар жылы: болашақ флористика мамандары әлемдік компаниядан тәжірибе алмақ

Елордалық флористика мамандығы бойынша оқитын студенттер әлемге әйгілі «Flower Circus» компаниясының мамандарымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласында жұмысшы мамандықтар жылы аясында флористика саласына қызығушылық танытқан жастар үшін ерекше мүмкіндік ұсынылды. Сервис және туризм колледждерінің студенттері әлемге әйгілі голландиялық «Flower Circus» компаниясының жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ауқымды флористика шеберлік сабақтары Flora Expo Astana ...

Толығырақ »

Ұлттық киіммен бақанға асыла билеген қыз елдің ашуын туғызды

Қазақтың ұлттық киімін киіп, темір бақанға асыла қазақша би билеген қыздың қылығы елді ашуландырды. Қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог Тұрар Сәттарқызы бұл туралы: «Әр нәрсенің өз орны бар. Түнгі клубта жалаңаш қыздар стриптиз билеуге арналған бақанға ұлттық киіммен билеу -ұлттық құндылықты қорлау», – деп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ал белгілі журналист Аслан Қаженов: «Мынау не масқара?! Кеше тілімізді қорлағаны аздай, енді арымызды ...

Толығырақ »

Бард ақын Табылды Досымовтың әскерде жазған өлеңі табылды

Қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың бұрын жарияланбаған өлеңі табылды. «Курстасым Әбубәкір Смаиловтың жеке архивінен алынды» деп жазды тележурналист, продюсер Серік Абас-шах Фейсбук арнасында. Шекарадағы күз… Жапырақтар, желге ұшқан жапырақтар, Сағынышты солдаттың хатын ап бар. Мәрт табиғат білдіріп күз келгенін, Жер бетіне жіберіп жатыр ақпар. Саулайды жапырақтар… Жасыл бақты жайқалған даладағы, Сұрсыз әлем келеді тонағалы. Күздің қоңыр белгісін шекарадан, Өткізбеуге солдаттың жоқ ...

Толығырақ »

Қазақы нақыштағы италиялық бренд – «Киіз үй» коллекциясы

Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің креативті индустрия өкілдерімен таныстырып келеді. Бұл жолғы әңгіме дизайнер Виталий Ланг туралы болмақ.  Ол 30 жыл бұрын ол Қазақстаннан Еуропаға қоныс аударған. Алдымен логистика саласында еңбек етіп, кейіннен өзін fashion-индустрияда тапқан. Қазір «Киіз үй» коллекциясы Миланда тігіле бастады. Ол Өзбекстанның тумасы Гузаль Норматовамен бірге италиялық премиум санаттағы ерлер киім брендын ашты. Жақында серіктестер «Киіз үй» атты ...

Толығырақ »

Астанада Халықаралық жас хореографтар фестивалі өтті

Сәуірдің 7-10 аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ФИЛЬМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Қазақ кино индустриясы үшін ақжолтай жаңалық жетті. Халықаралық Шығыс Европа кино фестивалінде каскадер, режиссер, һәм актер Қаратүрік Ғалымбектің «Тұтылған жарық» туындысы топ жарды. Бас-аяғы 200-ден астам шығарма бақ сынауға беріліп, үш айдан астам іріктеу жүргізілген фестивальде «Тұтылған жарық» ең үздік қысқаметражды фильм деп танылды. Erzhan Tolek-тің Фейсбук парақшасынан

Толығырақ »