Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 4)

Архив блога

Министр Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездесті

University College London университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі өтті, деп хабарлайды Jastar janary. кҒылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу аясында министр «Kazakhstan: the Territory of Academic Knowledge» тақырыбында дәріс оқып, Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ халықаралық ...

Толығырақ »

Жеті қазына – жеті ырыс

Фото: интернеттен Қазақта философиялық ойлар ежелден қалыптасқан. Солардың ішінде жеті қазына туралы пайым да халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсінік. Сонымен жеті қазына нені білдіреді? Жеті қазына – жеті байлық, жеті ырыс. Ол ертеректе ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан дүние. Бүгінгі шуағы шашырап тұрған күн мен тыныштықта жарқыраған ай оңайлықпен тумаған. Халқымыздың басынан небір астаң-кестеңге толы қилы замандар өтті. Қаншама батырларымыз сұрапыл соғысқа ...

Толығырақ »

«Ардагерлерді ардақтайық»: «Жастар Рухы» белсенділері қарттарға көмек көрсетуде

Осы аптада еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды, әсіресе қариялардың күнделікті жүріп-тұруын қиындатты. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері егде жастағы азаматтарға қол ұшын созып, қамқорлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Ел аумағында өткен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бір аптаға ұласып, оған шамамен 200 волонтер атсалысты. Олар 50-ден астам зейнеткер мен еңбек ардагеріне көмек көрсетті. «Жастар Рухы» белсенділері әркез игі істің ...

Толығырақ »

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиада алдында спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке ...

Толығырақ »

Студент ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

фото: pixabay Оқиға Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде болған. Жолаушы ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған. Бортта медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде, жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылған.

Толығырақ »

Президент: Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы отансүйгіштік, ұлт мүддесін қорғау, мемлекеттік рәміздерді орынды қолдану жайын да айтты. Фото: t.me/aqorda_resmi «Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы елдегі қыз алып қашу мәселесін көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір білдірді. Фото: t.me/aqorda_resmi Президенттің айтуынша, бұл оқиға бойынша Ұлттық құрылтайға 130-дан астам өтініш түскен. Күдіктінің марқұмды аңдып, қоқан-лоқы көрсеткені анықталған. Осыған байланысты Ішкі істер министріне қалалық полиция әрекетіне құқықтық баға беруді, ал Бас прокурорға істі мұқият тексеруді тапсырды. «Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім

«Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстанның жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде Мен үшін Тәуелсіздік – бәрінен қымбат! Бұл – ...

Толығырақ »

Президент: Жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін

Фото: аkorda.kz Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты. «Жұмыс тобы келіп түскен өтініштерді жинақтап, Парламенттік реформаны жан-жақты қарастырды. Бұл жұмыстарды бақылауымда ұстадым. Бір сөзбен жарты жылға жуық талқыланып жатыр. Бір палаталы Парламентті халық қолдап отыр. Болашақ Парламент атауы туралы пікірімді айтсам – жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да ...

Толығырақ »

Қазақстаннан XXV қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшылар белгілі болды

6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Фото: egemen.kz Олимпиадада 16 спорт түрі бойынша 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ойындар Милан мен Кортина-д’Ампеццодан бөлек, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме кластерлерінде де өтеді. Қысқы Олимпиада бағдарламасына биатлон, коньки және шаңғы спорттары, шайбалы ...

Толығырақ »